Кәсіпқой бокс • 25 Наурыз, 2022

Головкин бапкерін сынағандарға жауап берді

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин бұрынғы бапкері Абель Санчес пен қазіргі жаттықтырушысы Джонатан Бэнксті салыстырып сынай бастағандарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкин бапкерін сынағандарға жауап берді

«Өмірде бәрі керемет бірден бола бермейтіні белгілі дүние ғой. Жетістікке жетудің төте жолын 100 пайыз білетін бірде бір адам да, маман да жоқ. Ол үшін адам өзінің бар білгенін іске асыруы керек. Сонда ғана табысқа жетудің жолын таба алады. Мен өзімнің қазіргі жағдайыма разымын. Соңғы кезде көп нәрсені білдім, үйрендім, тәжірибемді толықтырдым. Бұл алдағы уақытта өзінің оң нәтижесін береді деген ойдамын. Ең бастысы соған сенемін. Өйткені сенім бар жерде жеңіс қатар жүреді», деді Геннадий Головкин өз ойымен бөлісіп.