Ауа райы • 25 Наурыз, 2022

Бірнеше өңірде ауа райы күрт өзгеруі мүмкін

281 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет 26 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше өңірде ауа райы күрт өзгеруі мүмкін

Таңертең және күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда екпіні 25 м/с.

Шымкент қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Көкшетау қаласында 26 наурызда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15 м/с жетуі ықтимал.

Нұр-Сұлтан қаласында 26 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында жауын-шашын, түнде облыстың, солтүстігінде, батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашынға (жаңбыр, қар) ұласуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

26 наурызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні -18 м/с. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

26 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, ал түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.