Пікір • 28 Наурыз, 2022

Елдік мүдде бәрінен биік

746 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әрине, Қазақстан үшін Президент Жолдауы маңызды оқиға болғаны анық. Бұл құжаттың көтерген жүгі мен арқалаған міндет-тапсырмалары алдыңғыға қарағанда әлдеқайда көп болды.

Елдік мүдде бәрінен биік

Күрделі геосаяси жағдай, экономикалық қысым, қаңтар­дағы оқиғалар – осының бәрі нау­рыз­дағы Жолдауды көпшілік үшін нақты іс-қимыл тұжырымдамасы ретінде жариялауға түрткі болғаны анық. Өйткені қазақстандықтар еліміздің енді қайда және қалай қарай қадам басу керек екенін жете түсінбеді.

Сондай-ақ ел азаматтары егер екі жарым ай бұрын ғана болған оқиғалар мүлде басқаша өрбісе және сын мен сынаққа толы кезеңде Мемлекет басшысы берік әрі нақты шешімдер қабылдамаса, ешқандай Жолдау да, ел де болмайтынына көздері анық жетті.

Президент Жолдауында айтыл­ған сая­си реформалар қаң­тар­дағы дағдарыстық оқиғалар­дың салдары ғана емес, биліктің сол кезде туындаған мәселелерді шешуге деген ұмтылысы болатын. Реформалар 2019 жылы бас­талды, олардың қазіргі кезеңі табиғи және сәл кейінірек орын алуы мүмкін, бірақ бұл реформалар ел үшін аса қажет, сондықтан күшті демократиялық мемлекет құруды олардың нәтижелерінсіз елестету қиын.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы реформаларды жүргізу қажеттігін идео­логиялық тұрғыдан тереңірек және кеңірек талдап бергенін ерек­ше атап өткім келеді. Мем­лекет басшысының өзі елімізде шешімін таппаған мәселелердің бар екенін мойындап отыр. Осы­ның өзі түйінін тарқатуын күткен мәселелердің жартысы ғана. Халық арасында Президент Қ.Тоқаев қашанда проблемаларға көз жұмбай, өзге біреуге жауап­кершілікті арта салуға тырыспай, бірден шешу жолдарын ұсынып, жауаптылардың кемшіліктерін көрсете отырып, қалай болатыны туралы жол сілтейтіні жайлы пікір қалыптасқан.

Біздің елімізде жаһандық, түбегейлі өзгерістер бұрынғы жүйені бөлшектеместен тез арада жүргізілмейді.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері Мемлекет басшысының бас­тамаларын іске асыру үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын. Мұның себебі Мемлекет басшысының резервтегі жастарды «өзгерістер агенттері» деп атағандықтан ғана емес, сонымен қатар түп мақсаты ең басты «агент» ретінде Президенттің «елдің мүдделері бәрінен бұрын» деген негізгі өмірлік ұстанымында жатыр.

 

Асқар БАЙМҰҚАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары,

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі