Пікір • 28 Наурыз, 2022

Ауыл – елдің айнасы

1693 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы Жаңа Қазақстанды құрудың жарқын үлгісін айқындап берді. Қуантарлығы, әр ұсыныс халықтың өтініш-тілегінен туындағаны байқалады.

Ауыл – елдің айнасы

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырым­дамасының көздегені де сол емес пе?! Әсіресе ауыл­дағы ағайынның мәселесі биік мінберде көтерілгені қажет-ақ. Бұл ретте, ел Президенті ауылдарды жаң­ғырту ж­ұ­мыстары қал­дық қара­жатпен атқары­латынын алға тартып, ел­ді мекендерді көркейтуді мықтап қолға алу керек екенін айтты.

Маңызды міндет ең әуелі жаңа сайлау жүйесі арқылы іріктелген ауыл әкімдеріне жүктелетіні сөзсіз. Шыны керек, қазір бұрынғыдай аудан бюджетіне алақан жа­йып отыратын кез емес. Төртінші деңгейлі бюд­жеттің қаржысын дұрыс игеріп, уәде етілген шаруаны сапалы тындыруға мүмкіндік бар. Бұған дейін ауылды жандандыруға бағытталған жобалар тасада қалып қоятын. Себебі «жарық, жол мәселесін шешу керек еді», деп тек ауызша ғана айтылып жүрді. Қазір ауылдық бюджет есебінен жобалардың тиісті құжаттарын әзірлеуге жол ашылды. Сәйкесін­ше, аудандық бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігі зор. Қысқасы, ауыл әкімі іс­кер болса, бюджет мола­йып, сәйкесінше үлкен шаруа тын­дырылатыны анық.

Әкім сайлауы демек­ші, Мемлекет басшысы өз Жол­дауында пропор­цио­­­налды-мажоритарлы сай­­лау жүйесіне көшуді ұсынды. Жаңашылдық барлық азаматтың құқығын ескеруге мүмкіндік бермек. Әйтпесе, соңғы уақытта тұрғындар сайлауға атүсті қарап, қоғамда «менің дауы­сым не шешер дейсің» деген түсінік қалыптасқаны белгілі. Мұны ел Прези­денті де атап өтті. Сайлау жүйесін жаңғырту арқылы азаматтардың белсенділігін арттырып, билікке деген сенімді бекітуге жол ашылатыны сөзсіз.

 

Санира ЖҮСІПОВА,

Amanat партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы

Jas Otan жастар қанатының төрағасы