Әлем • 28 Наурыз, 2022

«Оскар» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ киноадекемиясының Лос-Анджелесте өтіп жатқан 94-ші «Оскар» рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Риа Новости-ге сілтеме жасап.

«Оскар» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Дени Вильнёвтің «Дюна» фильмі алты жүлде жеңіп алды, ал үш жүлдені қанжығасына байлаған «CODA: Ребенок глухих родителей» инди драмасы үздік фильм атанды. 

«Оскар-2022» жеңімпаздары:

Үздік фильм – «CODA: Ребенок глухих родителей»

Үздік режиссер - Джейн Кэмпион, «Власть пса»

Үздік актер - Уилл Смит, «Король Ричард»

Үздік актриса - Джессика Честейн, «Глаза Тэмми Фэй»

Ең үздік екінші актриса - Ариана ДеБос, «Вестсайдская история»

Ең үздік екінші актер - Трой Коцур, «CODA: Ребенок глухих родителей»

Ең жақсы бейімделген сценарий - Шан Хейдер, «CODA: Ребенок глухих родителей»

Ең жақсы түпнұсқа сценарий - Кеннетт Брана, «Белфаст»

Үздік шетелдік фильм – «Сядь за руль моей машины» (Жапония)

Үздік анимациялық фильм – «Энканто»

Үздік деректі фильм – «Лето соула»

Үздік оператор - Грег Фрейзер, «Дюна»

Үздік визуалды эффекттер – «Дюна»

Үздік монтаж – «Дюна»

Ең жақсы дыбыс – «Дюна»

Үздік түпнұсқа саундтрек – «Дюна»

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Стеклоочиститель»

Үздік қысқа метражды фильм – «Долгое прощание»

Үздік қысқа метражды деректі фильм – «Королева баскетбола»

Қоюшы-суретшінің үздік жұмысы – «Дюна»

Үздік костюмдер – «Круэлла»

Үздік макияж және шаш үлгісі – «Глаза Тэмми Фэй»

Үздік ән - Билли Айлиш және Финнеас О’Коннелл, «No Time To Die»