Аймақтар • 28 Наурыз, 2022

ШҚО-да алты айлық баласын өлтірген әке сотталды

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында алты айлық баласын өлтірген ер адам 10 жылға сотталды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да алты айлық баласын өлтірген әке сотталды

Әкесінің айтуынша, сол уақытта баланың анасы үйде болмаған және өзі мас болған.

«Ас үйден шығып бара жатқан кезімде, абайсызда сүрініп, баланы құлатып алдым. Кенеттен ол дірілдей бастады. Сол кезде мен кіреберіске шығып, көршілерді көмекке шақырдым. Ал олар дереу жедел жәрдем қызметіне хабарласты. Шыны керек, оқиға орын алған кезде ішімдікке масайған күйде болдым», деді ер адам.