Аймақтар • 28 Наурыз, 2022

СҚО-да 1,7 мың гектарға орман отырғызылады

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 1,7 мың гектарға 6,1 млн ағаш көшеті отырғызылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да 1,7 мың гектарға орман отырғызылады

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов орман өсірумен бірінші рет айналыспайтынын айтты. Өткен жылы 869 га жерге 3,6 млн дана көшет отырғызылды. Өңірде орман өсіру бойынша ақпарат орман отырғызуды бақылау және мониторинг бойынша интерактивті картаға енгізіледі.

Өткен жылы мамандандырылған техника мен жабдықтарды сатып алуға жергілікті бюджеттен 125 млн теңге бөлінді. 12 дөңгелекті трактор және 6 тіркемелі жабдық сатып алдық. Биыл бұл мақсатқа 200 млн теңге бөлінді.

«Орман ресурстарын өрт пен орман зиянкестерінен қорғау маңызды. Табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру мәселелері бойынша барлық мүдделі органдармен өзара іс-қимыл жоспарларын қабылдады. Омбы, Қорған және Түмен облыстарындағы әріптестерімен тиісті келісімдер жасасты. Орман аурулары мен зиянкестерінің ошақтарын анықтауға 8 елді мекенде тұрақты мониторинг жүргізіледі», деп мәлімдеді Б.Исманов.

Соңғы үш жылда өрт сөндіру машиналары мен модульдерін сатып алуға 372 млн теңге бөлінді.