Қазақстан • 29 Наурыз, 2022

Салық есептілігі: PUSH-хабарламалар жіберілуде

339 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2022 жылғы 28 ақпаннан бастап Kaspi банк клиенттеріне белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс ету қажеттілігі туралы PUSH-хабарламалары жіберілуде. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Салық есептілігі: PUSH-хабарламалар жіберілуде

Kaspi банкпен ынтымақтастық шеңберінде салық міндеттемелерін уақтылы орындау бойынша қолайлы жағдайлар жасау мақсатында салық төлеушілер болып табылатын банк клиенттеріне (жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын азаматтарға) PUSH-хабарламаларға белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс ету қажеттігі туралы жолдау бойынша сервис іске қосылды. Осы бағыттағы жұмыс басқа екін­ші деңгейдегі банктермен де жүргізілуде.

«Салық кодексі нормаларына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары белгіленген мерзімдерде салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша салықтық бақылау жүргізеді. Осындай бақылау аясында салық төлеушіге (салық аген­тіне) тиісті хабарлама, оның ішінде заңда белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмегені туралы хабарлама жіберіледі», деп түсін­дірді Мемлекеттік кірістер коми­тетінде.

Хабарлама белгіленген мер­зімде орындалмаған жағдайда, мем­лекеттік кіріс­тер органдары салық төлеу­ші­лерге (салық агенттеріне) қатысты мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің заңды тәсілдерін қолданады:

- банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 272-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту.

Көрсетілген жағдайларын азайту және болдырмау мақсатында салық төлеушілерге push-хабар­ламалар салықтық есептілікті жа­сау және табыс ету бойынша салықтық міндет­темелерді орындау мерзімі бастал­ғанға дейін және аяқталғаннан кейін жіберілетін болады.

Сондай-ақ МКК-де 2022 жылғы 31 наурызда 2021 жылға жылдық салық есептілігін, 2022 жылғы 15 мамырда 2022 жылғы 1 тоқсанға тоқсандық есептілікті табыс ету мер­зімдері аяқталатынын еске салды.

«Осыған байланысты, соңғы күндері жаппай есептілік тапсы­рудың нәтижесінде туындайтын жүк­темелерді болдырмау үшін салықтық есептілікті алдын ала табыс етуді ұсынамыз немесе Салық кодексінің 212-бабына сәйкес элек­тронды нысанда есептілік ұсынылған жағдайда, табыс ету мерзімдерін ұзарту үшін механизм стандарттарын алдын ала пайдалануды қосымша еске саламыз», деп ескертті МКК-де.

Салықтық есептілігін толтыру және табыс ету бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Техникалық пайдаланушыларды қолдау қызметі СТК/СЕӨЖ [email protected] жұмыс істейді.