Әлем • 29 Наурыз, 2022

Энтони Джошуа актер Уилл Смитке кеңес берді

608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінде жүргізуші Крис Рокқа қол көтерген актер Уилл Смитке кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz Matchtv.ru.-ға сілтеме жасап.

Энтони Джошуа актер Уилл Смитке кеңес берді

«Сенің бұл әрекетіңді қолдаймын, бауырым! Келесі жолы соққыны жұдырықпен жұмсағаның дұрыс», деп жазды Энтони Джошуа әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, «Оскар» сыйлығын тапсыру іс-шарасында жүргізуші Крис Рок Уилл Смиттің әйеліне қатысты сәтсіз әзіл айтқаны үшін актер оны жұрт алдында шапалақпен «жазалаған» болатын.