Футбол • 29 Наурыз, 2022

«Атлетико» бапкері Дибаланы аттай қалап отыр

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испаниялық «Атлетико» футбол клубының бас бапкері Диего Симеоне италиялық «Ювентус» футбол клубының шабуылшысы Пауло Дибаланы мадридтік команданың сапынан көргісі келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атлетико» бапкері Дибаланы аттай қалап отыр

Бұл туралы журналист Даниеле Лонго ақпарат таратты. 28 жасар футболшыға «құда түсушілер» саны күн өткен сайын артып келеді. Алайда Дибаланың өзі аргентиналық маман жаттықтыратын «Атлетико» футбол клубының жейдесін киюге ниетті. Бұған дейін «Ювентус» басшылары келісімшартты ұзарту мәселесі бойынша футболшымен келісімге келе алмағанын мәлімдеген болатын. 2015 жылдан бері «Ювентус» намысын қорғаған аргентиналық шабуылшы осы маусымда 29 мәрте жасыл алаңға шығып, 13 голдың авторы атанды. Сондай-ақ Пауло әріптестеріне алты нәтижелі пас берген.