Экология • 29 Наурыз, 2022

Үйде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізімі бекітілді

666 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі үй жануарлары мен тұрғын үйлерде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізбесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үйде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізімі бекітілді

Атап айтқанда, тыйым салынған жануарлардың тізіміне мыналар кірді:

  • Шаяндар;
  • Өрмекшілер;
  • Жыландар;
  • Кесірткелер (улы тістілер мен Комодо кесірткесі);
  • Барлық түрдегі қолтырауындар;
  • Жыртқыштар (аюлар, арыстандар, барыстар, пумалар, қасқырлар және т. б.);
  • Приматтар;
  • ҚР-да сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жануарларының барлық түрлері.

Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін үй жануарларының тізіміне келесі түрлер кірді: американдық акита, доберман, далматин, чау-чау, хаски, шарпей, роттвейлер, Стаффордшир терьері, қойшы иттер, мысық тұқымдасының жабайы түрлері бар үй мысықтарының будандары және т. б.

Жануарлардың толық тізімін мына құжаттан көруге болады.

Бұйрық 2022 жылғы 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.