Егемен Қазақстан • 29 Наурыз, 2022

Жаңа Қазақстанды дамыту жастардың қолында - Дархан Қыдырәлі

5261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі студент жастармен кездесіп, арнайы дәріс оқыды.

Жаңа Қазақстанды дамыту жастардың қолында - Дархан Қыдырәлі

Келелі кездесуге сонымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, осы оқу ордасының профессорлары мен оқытушылары, магистранттар мен док­торанттар қатысты.

Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауының тарихи маңыздылығын атап өтті. Ол Жаңа Қазақстанның болашағы білікті де білімді жастардың қолында екенін айтты. Сонымен қатар ол БАҚ саласындағы мә­селелерге тоқта­лып, өзінің жұмыс барысындағы тәжі­рибелерімен бө­лісті.

Еркін форматта өткен жиын аясында Дархан Қыдырәлі кездесуге қаты­сушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев мазмұнды дәріс оқыған «Егемен Қазақстан» рес­пуб­­ликалық газеті» АҚ басшысына риза­шылығын білдіріп, құрмет көрсетті.

 

АЛМАТЫ