Облыс халқымен жаңа формат аясында есептік кездесулер өткізіп жүрген өңір басшысы Жеңіс Қасымбек бұл жолы Бұқар жырау ауданына барып, сондағы бірқатар ауылдың тұрғындарымен жүздесті. Иә, алыстағы ауылға, шалғайдағы ауданға барып, халықпен бетпе-бет отырып сөйлесу, олардың өтініш-тілегін, сын-ескертпесін өз құлағыңмен есту – бұл әкімдерді қара халыққа жақындата түсетін алғышарт.

Сондай кездесулердің бірі Қызылжар ауылында өтті. Қазіргі таңда бұл елді мекенде 800-ге тарта адам тұрады. Ауылда медициналық бекет бар, фельдшер жұмыс істейді. Бірақ мұндағы ескі ғимарат жөндеуді қажет етеді екен. Осы орайда облыс басшысы жергілікті жұртқа қуанышты жаңалықты жеткізді. Биыл аталған ауылда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталады.
Қызылжардағы тағы бір мәселе – бос тұрған спорт залының жай-күйі. Қараусыз қалған ғимарат бұзыла бастаған. Кездесуде жергілікті тұрғын Амангелді Есенғали нысанның осындай күйге түскеніне қынжылыс білдірді.
– Бала кезімнен Қызылжарда тұрамын. Осы спорт залда күреспен айналыстым. Талай чемпиондар шыққан алтын ұя еді. Ауылда спорт залы болмаған соң балалар немен айналысарын білмей, бос жүр. Ал енді осы ғимаратты жөндеп берсе, біз үшін бұл үлкен қуаныш болар еді, – дейді ол.
Өз кезегінде облыс әкімі спорт ғимаратын жөндеуге конкурс жарияланғанын айтып, қызылжарлықтарды тағы бір жағымды жаңалықпен қуантты. Сәтін салса, аталған спорт залы алдағы уақытта адам танымастай күйге енеді деп сендірді ол.
Растовка ауылында тұрғындар мектеп-интернатта жүргізілген жөндеу жұмыстары сапасының көңіл көншітпейтінін айтып, сондай-ақ білім ордасындағы педагогикалық кадрлардың тапшылығын да тілге тиек етті.
Осы жайттан хабардар болған облыс әкімі жөндеу жүргізген мердігердің жұмысын бағалайтын комиссия құру қажеттілігін айтты. «Барлық кемшілікті компания кепілдік бойынша жоюы керек», деп шегеледі ол.
Жалпы, аталған ауылда ішкі жолдар асфальтталып жатыр екен. Біразы былтыр іске асырылса, қалғаны биыл аяқталуы тиіс.
Ал Ботақара мәдениет үйінде өткен кездесуге аудан орталығының ғана емес, басқа да ауылдардың тұрғындары қатысып, олар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын тікелей қоюға мүмкіндік алды. Әсіресе, тұрғындарды қолдағы мал жайылатын жайылым жерлердің жетіспеушілігі алаңдатады екен. Кездесуде бұл мәселенің жер заңнамасы аясында реттелетіні айтылып, пайдаланылмай және тиімсіз пайдаланып келген жерлердің мемлекет меншігіне қайтарылып, одан кейін олар ауыл халқының иелігіне берілетіні мәлім етілді.
Сонымен қатар облыс әкімімен кездесуде басқа да көптеген мәселе көтерілді. Аудан тұрғындары электр жүйелерінің алаңдатарлық жағдайы, спортпен айналысуға орын жетіспеушілігі, құрылыс және жөндеу жұмыстарының жайы сияқты басқа да толып жатқан әлеуметтік-экономикалық проблемалардан бастап мал ұрлығының азаймай тұрғанына дейінгі мәселелерді ашып айтты. Тұрғындарды мұқият тыңдаған облыс әкімі Жеңіс Қасымбек бірқатар мәселені сол жерде бірден шешіп, ал қордаланып қалған және зерттеуді қажет ететін күрделі проблемалардың уақыт өте келе бірте-бірте шешімін табатынына сендірді.
Кездесуде облыс әкімі Бұқар жырау ауданында оң динамика бар екенін атап өтті. Тұрғын үйлер салынып, жолдар жөнделуде.
– Мысалы, Доскей ауылында бес қабатты екі үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Сондай-ақ облыстық басқармалар есебінен тағы үш үй қалпына келтіріледі. Ауданда «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының арқасында ауылдардың инфрақұрылымы жақсаруда. Бірақ шешілмеген мәселелер де аз емес. Осы кездесудің қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен өтініш-тілектер ескеріле отырып, іс-шаралар жоспары әзірленеді. Келесі кездесуде не істелгені туралы есеп береміз, – деді Ж.Қасымбек.
Жалпы есептік кездесуге қатысқан аудан халқы жаңа форматтағы жүздесудің көңілден шыққанын айтты. Солардың бірі Ботақара кентінің тұрғыны Раушан Сағындықова өзінің пікірін білдірді.
– Кездесуде мен жерлестерімнің проблемалары туралы айтып бердім. Әкімнің есебіне бірінші рет келіп отырған жоқпын. Осындай кездесулер көп болуы керек. Бүкпесіз, ашық диалог болды. Біздің мәселелеріміз шешіледі деп үміттенеміз. Халыққа жақын болу – бұл өте жақсы. Мұндай кездесулер билікке деген сенімді арттырады, – деп ағынан жарылды аудан тұрғыны.
Қарағанды облысы,
Бұқар жырау ауданы
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар