04 Сәуір, 2014

Ортақ іске арналған орталық

241 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Алматы қаласынан дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық құрылады. Бұл жайлы Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Ресей және Қырғызстанмен төтенше жағдайларға қатысты қарым-қатынастарды реттейтін заң жобаларын қараған отырыс барысында айтылды. Алдымен депутаттар «1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, қабылдады. Хаттаманың мақсаты – төтен­ше жағдайлардың алдын алу жә­не оларды жою мақсатында авария­лық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының мемле­кет­тік шекараны кесіп өтуінің оңай­латылған тәртібін қамтамасыз етуге құқықтық негіз қалау. Сон­дай-ақ, заң жобасымен мемле­кеттік шекараны өт­кізу пункттері арқылы және қол­даныстағы өт­кі­зу пункттерінен тыс жерде ке­сіп өтуін қамтамасыз етуге ар­нал­ған құзыретті органдарды ай­қын­дайтын нормалар көзделіп отыр. Бұдан басқа, төтенше жағ­дай­лардың алдын алу және сал­­дарымен күресуге арналған қа­зақ­­стандық-ресейлік ғарыштық мо­­ни­торинг жасау жүйесінің ж­о­ба­сы әзірленіп жатқаны мәлім болды. Сонымен қатар, жалпы отырыс барысында «Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі мен Қыр­ғыз Республикасының Үкі­меті арасындағы Төтенше жағ­дай­лар және дүлей зілза­лалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы келісімді рати­фикациялау туралы» заң жоба­сы да қолдау тапты. Төтен­ше жағдайлар министрінің мін­де­тін атқарушы Владимир Бож­ко мұндай бастама БҰҰ Даму бағ­дарламасы тарапынан, БҰҰ Гума­нитарлық мәселелерді үй­лес­тіру және халықаралық стра­­тегия басқармасы, Дүлей зіл­за­ла­лардың қатерін төмендету жө­нін­дегі Азия орталығы тарапы­нан қолдау тапқандығын атап көр­сетті. Алматы қаласында құры­ла­тын бұл орталыққа БҰҰ Аймақ­тық құрылымдары, Герма­ния­ның, Жапонияның және басқа да елдердің халықаралық ынты­­мақтастық агенттіктері қызы­ғушылық танытуда. Көптеген ұйым­дар аталған орталықты төтен­ше жағдайлар саласындағы жоба­ларды жүзеге асыратын алаң ретінде қарастыратыны да айтылмай қалмады. Негізінен, Орталық Президент Н.Назарбаевтың Ал­маты қаласында көпжақты дип­ло­матиялық хаб құру туралы жүктеген тапсырмаларын да жү­зеге асырумен байланысты. Орталықтың жұмысы аясында БҰҰ-ның еліміздегі гума­ни­тарлық қоймаларын құру мәсе­лесі қарастырылады деп күті­луде. Мұндай қоймалар аймақ елде­ріне гуманитарлық көмектер көрсетуге бағытталады және оларды материалдық қормен қамта­масыз ету қазақстандық тауар өндірушілерге жүк­те­луі мүм­кіндігі алға тартыл­ды. Ау­ғанстан Ислам Респуб­ликасынан Алматыда құрылатын орталыққа қосылуға ниетті екен­діктерін білдірген нота келіп түс­­кендігі белгілі болды. Және де Тә­­жік­стан, Әзербайжан мен Пәкіс­тан қызығушылық танытуда екен. Сонымен бірге, палата «2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тариф­тік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификация­лау туралы» заң жобасын да қарап, қабылдады. Бұл жерде Хаттама 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімнің нормаларын 2011 жылғы 18 қара­шадағы Еуразиялық эконо­микалық комиссия туралы шарт­­тың нормаларына сәйкес келті­руді көздейді. Бұдан өзге, заңдық құжат Кеден одағына мүше елдер арасындағы ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түр­леріне тарифтік квоталардың кө­лемін бөлуге мүмкіндік береді. Депутаттар күн тәртібіне шы­ғарылған «1928 жылғы 22 қа­рашадағы Халықаралық көрме­лер туралы конвенцияны, оған 1948 жылғы 10 мамырдағы, 1966 жылғы 16 қарашадағы, 1972 жылғы 30 қарашадағы Хатта­ма­ларды, сондай-ақ, 1982 жылғы 24 маусымдағы және 1988 жылғы 31 мамырдағы Түзетулерді ратификациялау туралы» заң жобасын да қабылдағанын айта кету керек. Конвенцияны ратификация­лау ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мен өткізу үшін жағдайлар жасауға көмектеседі. Атап айтқанда, көрмені ұйым­дастырушыны айқындау тәртібі, тіркелген көрмелер ұйым­дас­ты­рушыларының және қаты­сушы мемлекеттердің міндет­темелері белгіленеді. Бұл жерде көрсетілген қағидалар ЭКСПО көрмелерінде көрсетуге немесе пайдалануға арналған тауарларды әкелудің жеңілдікті режімін қамтамасыз ететін болады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».