Спорт • 30 Наурыз, 2022

Әлемдік додаға қатысады

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таеквондодан 2005-2007 жылдары туған жастар арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды.

Әлемдік додаға қатысады

Ақтөбедегі жекпе-жек сарайында өтіп жатқан турнирде жеңімпаздар сегіз салмақ дәре­жесінде анықталды. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша командалық есепте 103 ұпайы бар Алматы қаласы көш бастады (4 алтын, 5 қола).

Olympic.kz сайтының хабарлауынша, Алматы облысы екінші орынға жайғасты. Коман­да еншісіне 46 ұпай бұйырған (3 күміс, 3 қола). Үздік үштікті 45 ұпаймен Қызылорда облысы түйіндейді (1 алтын, 2 күміс). Аламанға еліміздің түкпір-түкпірінен 478 спортшы қатысып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, жүл­делі орыннан көрінген спорт­шылар ұлттық құраманың қата­рына шақырылып, олар Болгария астанасында өтетін әлем чемпионаты мен Моңғолия астанасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынайды.