фото: inbusiness.kz
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, жолдың нашар көрінуі) қала маңына қатынайтын барлық бағдардың қозғалысы тоқтатылды», деді компаниядан.
Еске сала кетейік, кеше сағат 19:00-ден бастап елордада боран, екпінді жел, қалың қар мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланған болатын.
Қала бойынша аялдамаларда автобус күтіп тұрған азаматтарды жеткізу үшін 25 жергілікті вахта жұмылдырылды.
Төтенше жағдайлар департаменті астанадан шығатын республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолды жапты, жедел штаб құрып, шұғыл телефон желісін ашты.
Сондай-ақ ауа райының бұзылуына байланысты кеше кешке Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды. Түнде әуе айлағы қалыпты жұмысына кірісті.