Кәсіпқой бокс • 30 Наурыз, 2022

Головкин «Big Drama Show» ұранының мағынасын түсіндірді

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин өзі жиі қолданатын «Big Drama Show» (үлкен драмалық шоу) ұранының кәсіпқой боксқа қатысты мағынасын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Головкин «Big Drama Show» ұранының мағынасын түсіндірді

Қазақстандық боксшы «Жапония жеріне «Big Drama Show»-ды әкелетін күнді асыға күтіп жүрмін» деп жазған болатын. Отандасымыздың неліктен сол ұранды жиі қолданатынын сұраған журналистердің біріне Геннадий Головкин: «Жапония жерінде үлкен жеңіске жетуді көздеп отырмын. Жекпе-жекті барынша жарқын мәнерде жеңгенді жөн көремін. «Big Drama Show» ұраны – жарқын жеңістің синонимі», деп жауап берді.