«Алматы өкілдігіне қарасты «azan.kz» сайтына бір күнде 20 мыңнан астам оқырман кіреді. Ал Рамазан айында Оразаға қатысты мәлімет іздеушілер саны бір тәулікте 50 мыңнан асып жығылады.
Сайтқа бір мезетте кірушілердің көп болуынан сайт жұмысы тоқтап қалатын кездер де болады. Сол себепті «azan.kz/kz/ramadan» парақшасын қазақ-орыс тілдерінде қосымша ұсынып отырмыз.
Одан бөлек жаңадан «ramadan2022.kz» мобильді сайты да іске қосылды. Бұл сайтта Оразаға қатысты мәліметтер мен қатар Алматы орталық мешітте айтылатын уағыз кестесі, тарауық намазында құран хатым түсірілетін мешіттер, халал сертификатын алған мейрамханалар тізімі, тағы басқа да ақпараттар енгізілген», деді спикер.
Рамазан айы мен дінге қатысты мәселелер бойынша Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасы жанындағы Діни ақпарат орталығынан да кеңес алуға болады. Орталықтың телефон нөмірі: 8 (7172) 33-30-30.