Ауа райы • 30 Наурыз, 2022

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

31 наурызда Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді,

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді,

31 Наурызда Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батысында, облыс орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетауда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, түнде екпіні 23 м/с жетеді.