CNPC және «ҚазМұнайГаз» – отандық энергия тасығыштар секторында жеке-дара көш бастап, нарықты иемденіп алған компаниялар. Аталған монополистер ішкі нарыққа жеткізілетін мұнайдың 80%-ын өндіріп, 3 ірі мұнай-өңдеу зауыты мен жағармай құю стансаларының негізгі бөлшек сауда желілеріне иелік етеді. Мұндай мәліметті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов жеткізді.

Нарықтағы үлесі ауқымды
Агенттіктің өкілі айтқандай, олардың арасында бәсекелестік жоқ. Бөлшек саудада екі компанияда нарықтағы немесе өздері белгілеген бағаларға басымдық беруге тырысады. Ал ішкі нарыққа іріктелетін мұнайдың көлемі қандай да бір өлшемсіз айқындалады.
Көтерме нарықта да «ҚазМұнайГаз» бен PetroSun компаниясы өзгелерге дес бермей тұр. Егер де біріншісі 100% мемлекеттік компания болса, PetroSun акцияларының 50%-ы CNPC-ге, ал қалғаны жеке компанияға тиесілі.
«11 млн тонна мұнай өнімінің 2/3 бөлігі тікелей бөлшек сауда желілеріне және үшінші бөлігі, әдетте ешқандай да инфрақұрылымы жоқ қайталама көтерме саудамен айналысатындарға сатылады. Қазақстан отын қауымдастығының деректеріне сәйкес «ҚазМұнайГаз» бен CNPC тобына кірмейтін тәуелсіз жағармай құю станса желілері мұнай өнімдерінің жетіспейтін көлемін делдалдардан («Гелиос» – 65%-ға дейін, «Газпром Мұнай-Қазақстан» – 80%-ға және ұсақ желілер – 90%-ға дейін) алуға мәжбүр. Осылайша, мұнай өнімдері нарығында делдалдардың екі буыны жұмыс істеп келеді. Атап айтсақ, мұнай тасымалдаушылар (Петросан және ҚазМұнайГаз) және олармен байланысты тиісті инфрақұрылымы жоқ көтерме саудамен айналысатындар. Мұнай тасымалдаушылардың маржасы 30%-ды, олармен байланысты делдалдардың үлесі 10-15%-ды құрайды», деді Р.Ахметов.
Бөлшек сауда нарығында Petro Retail (бұрынғы «ҚазМұнайГаз») және Sinоoil компаниясы басымдыққа ие. Соңғысына нарықтың негізгі үлесі тиесілі. Sinooil өнімнің қажетті көлемін өзінің еншілес компаниясы Petrosun-нан алса, Petro Retail бұрынғы қожайындары «ҚазМұнайГазға» сүйенеді. Қалған желілер мен ұсақ жағармай құю стансалары сұйық отынның кемінде үштен бірін делдалдардан сатып алады.
Газ нарығы бәсекелестік ортаға беріле ме?
Отын-энергетика кешені департаменті электр энергетика және көмір басқармасының басшысы Қуат Асамбековтің айтуынша, 2012 жылы «ҚазТрансГаз» компаниясы құрылып, заңға сәйкес оған монополиялық құқықтар берілді. Себебі сол кезеңде елімізде газдандыру пайызы төмен және көгілдір отын тапшы болған еді.
«Қазір газды өндіріп, тұтыну мен оның бағасына байланысты оң үрдіс байқалып жатыр. Сондықтан монополиясыздандыру туралы шешім қабылданды. Бәсекелестікті қорғау агенттігі оның бірнеше жолын ұсынуда – қысқа, орта және ұзақмерзімді шараларды іске асыру. Біріншіден, газ монополиясына тікелей байланысты емес қызметтерді шартты шектеу. Екіншіден, орта және ұзақмерзімді шараларды қарастыру. Қазір газ жеткілікті болғанымен тұтыну көлемі артып келеді. Бүгінде экспортқа кететін газ көлемі төмен бағамен ішкі нарыққа жіберіліп, субсидияланып отыр. 2025 жылдан бастап орта және ұзақмерзімді шаралар теңгерімі орнағанда, газ саласын толық бәсекелестік нарыққа беруге мүмкіндік туады», деді Қ.Асамбеков.
Көгілдір отынды жеткізу тәртібі бұлыңғыр
Бүгінде тауарлық газ нарығының 95%-ы QazaqGaz компаниясының қызметі арқылы ұсынылған. Бұл ұйым газды монополиялық құқықпен сатып алуға ие. Қазір өндіріс көлемі тұтыну көрсеткішінен асып, экспортқа 7 млрд текше метр газ жіберілді. Бәсекелестікті қорғау агенттігінің өкілі айтқандай, экспорттан түсетін табыс есебінен газдың ішкі бағасы субсидияланады.
«2020 жылдан бері ішкі тұтыну көлемінің өсуіне байланысты тауарлық газ экспорты орта есеппен 30%-ға қысқарып келеді. Энергетика министрлігінің дерегі бойынша, 2025 жылға қарай тауарлық газды тұтыну көлемі 27 млрд текше метрге дейін ұлғайып, газ тапшылығы 1,6 млрд текше метрге жетеді. Демек 2025 жылдан бастап экспорттың азаюына байланысты тауарлық газдың ішкі бағаларын субсидиялауға мүмкіндік болмайды. Нарықта газды сатудың барлық кезеңінде бағаны реттеудің мемлекеттік тетігі қолданылады. Бұл газды жер қойнауын игерушілерден сатып алудан бастап, көтерме және бөлшек сауда нарығы, сондай-ақ тасымалдау қызметін қамтиды», деді Р.Ахметов.
Ішкі нарықта баға қалыптастыру жүйесі де жетілдірілмеген. Мәселен, салалық реттеуші бекіткен бағалардың алшақтығы 16 есеге жоғары немесе мың текше метр газ үшін 600-ден 10 мың теңгеге дейін белгіленеді. Бұған қоса газ жеткізу тәртібі нақтыланбаған. Мұның салдары Ресейден бағасы қымбат газды импорттау фактілеріне әкеліп соқтырды. Былайша айтқанда, елімізде газды жеткізу процесінде квоталар мен бағаларды қалыптастыруда ашықтық болмай тұр.
Монополиясыздандыру процесі басталды
Тауарлық газды тасымалдау нарығында табиғи монополия субъектілері де жоқ емес. Олар тарату желілері бойынша қызмет көрсетіп келеді. Оның қатарында «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Азиялық газ құбыры» ЖШС, «Бейнеу Шымкент Газ Құбыры» ЖШС және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бар. Табиғи монополиялар субъектілері шығындарының 35%-ы газ құбырларының техникалық пайдалануын аутсорсингке беру жолымен мемлекеттік тарифтік реттеуден шығарылды. Нәтижесінде, 2019-2021 жылдар аралығында осы жұмыстардың құны 42%-ға ұлғайды.
Тауарлық газдың бөлшек сауда нарығында монополиясыздандыру процесі басталыпты. Мысалы, 6 өңірде жеке операторлардың үлесі 15-20%-ға дейін жетеді. Бөлшек сауда операторы «ҚазТрансГаз Аймақ» жұмыс көлемінің шамамен 70%-ын басқа ұйымдарға аутсорсингке берді. Алайда бұл ұйымдардың қызметтеріне қол жеткізу мүмкін емес деп нақтылады агенттік өкілдері.
«Кейінгі 5 жылда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның басқа ұйымдарға берілген қызметтері бір ғана жеткізушілермен сүйемелденіп келеді. Мысалы, биллинг (бұл компания ұсынатын қызметтер мен сатылатын тауарлар үшін клиенттерге арналған есеп айырысу жүйесі) қызметтері 10 тасымалдаушыға ұсынылғанымен, олардың құрылтайшысы біреу. Осылайша, бөлшек оператор жұмысының кемінде 70%-ын аутсорсингке беру фактілері және нарықта басқа да бөлшек операторлардың болуы нарықтың монополиясыздандыруға, ұлттық оператордың активтерін жеке компанияларға беруге дайын екендігін білдіреді», деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары.
Танымал сәулетші Қонаев қаласын дамытуға атсалысады
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:21
Осы аптада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?
Мәдениет • Бүгін, 17:15
Мәжіліс сайлауы: 7 партиядан 283 кандидат ұсынылды
Сайлау • Бүгін, 17:10
Жұмыссыз жүрген азаматтарға SMS-хабарлама жіберіледі
Қоғам • Бүгін, 16:47
Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Ауа райы • Бүгін, 16:37
Астанада техникалық қызмет көрсету орталығы өртеніп жатыр
Елорда • Бүгін, 16:27
Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:12
Қаржы • Бүгін, 16:01
Президент журналистерге қарсы жасалған қылмыстарға тергеу жүргізуді тапсырды
Президент • Бүгін, 15:44
Әлем • Бүгін, 15:33
Семейде қоғамдық көлік жол апатына ұшырады
Аймақтар • Бүгін, 15:17
Қазақстанда Өзбекстанның 486 азаматы жазасын өтеп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:00
БҰҰ Түркия мен Сирияға 25 млн доллар жібереді
Әлем • Бүгін, 14:54
Walt Disney 7 мың қызметкерін жұмыстан шығарады
Әлем • Бүгін, 14:43
Қазақстаннан шетелге мал шығаруға шектеу қойылды
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Ресейдің Новосібір қаласында жойқын жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 14:30
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы төмендеді
Қоғам • Бүгін, 14:22
Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Еліміздің бірқатар өңірі сейсмикалық қауіпті аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Ғалымдар жаңа сақина жүйесін тапты
Ғылым • Бүгін, 13:18
Түркияда отандастарымызды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00
Астанада қоғамдық көліктер жаңартылады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушылар 3 адамды құтқарды
Видео • Бүгін, 12:42
Президент Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:32
Қазақстанда беделді MOTO GP турнирі өтеді
Мәдениет • Бүгін, 12:25
Қазақстанда фрилансерлер саны артты
Қоғам • Бүгін, 12:12
Сенат отырысында бірқатар заң мақұлданды
Парламент • Бүгін, 11:58
Геннадий Головкиннің жаңа қарсыласы белгілі болды
Бокс • Бүгін, 11:48
Абай облысы Түркия еліне көмектесуге дайын
Аймақтар • Бүгін, 11:30
«Qazcontent» АҚ төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:27
Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:12
Қазақстан құрамасы Беларусь футболшыларымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 11:02
Өңірлерде көкөністерге тауарлық интервенциялар басталады
Үкімет • Бүгін, 10:50
Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді
Үкімет • Бүгін, 10:45
Беларусьтен халықаралық іздеудегі адам экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 10:28
Теңіз кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:17
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:07
Рудныйда бірқатар үй тағы жылусыз қалды
Аймақтар • Бүгін, 09:50
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 09:42
Ұқсас жаңалықтар