Қоғам • 31 Наурыз, 2022

Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының жеті нысанына «мина» қойылғаны туралы ақпарат тарады, олардың арасында халықаралық әуежай да болды. Кешенді тексеруден кейін бұл ақпарат шындыққа сәйкес емес екендігі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, қауіпсіздік хаттамасына сәйкес жолаушылар мен персоналды эвакуациялау жүргізілді.

Кешенді тексеру нәтижесінде жарғыш құрылғылар туралы ақпарат расталмады.

Әуежай өз жұмысын штаттық режимде жалғастыра бастады.

Айта кетсек, бұл жағдайға байланысты бүгінге жоспарланған алты рейс кешіктірілді.