Білім • 01 Сәуір, 2022

Мектеп түлектеріне ҰБТ-ны екі рет тапсыруға рұқсат беріледі

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыруға рұқсат беріледі. Бұл жайында биыл мектеп бітіретін оқушыларға хат жазған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Мектеп түлектеріне ҰБТ-ны екі рет тапсыруға рұқсат беріледі

«Жақсы жаңалық та бар. Instagram-да мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол», деп жазды министр Facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан сүрінбей өтулеріне тілектес екенін жеткізді.

«Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!», деді Асхат Аймағамбетов.



Соңғы жаңалықтар

Төрт адамның өмірін сақтаған

Медицина • Бүгін, 08:05

Төрт жасар жазушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Әлеуметтік нысан ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жәкеңнен қалған жәдігер

Көрме • Бүгін, 07:53

Ең алып мұрал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Елена Рыбакина – финалда!

Теннис • Бүгін, 07:38

Бір мезетте – мың сабақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:33