Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның 150-ден астам бойжеткені ауаның ластануын анықтауға арналған наноспутниктерді стратосфераға ұшырды. Бұған БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының UniSat білім беру бағдарламасы мүмкіндік берді.

Шағын ғарыш аппараттарының санатына жататын наноспутниктердің салмағы 10 килоға дейін жетеді және бірнеше камерамен жабдықталған. Олардың бірі Жердің бейнесін 4К режімінде түсіруге қабілетті. Арнайы құрылғылар сәуле, қысым, жарық және газ құрамы туралы мәліметтерді жинап, үлкен көлемдегі деректер, бейнелер мен суреттерді талдау үшін планетамызға жібереді.
Бүгінде наноспутниктер әлемнің көптеген жетекші университеті мен коммерциялық ұйымдарда шығарылады. UniSat спутниктері білім беру мақсаттарына арналған.
«Осы спутниктерді ұшырудың символды мәні бар. Бұл Орталық Азиядағы қыздар мен әйелдердің шексіз әлеуетінің айғағы. Биыл бағдарламаға үш елден 2 мың қатысушыны қосып, оларды ғылым, технология, инженерия және математика саласындағы білім мен кәсіби мансаппен мықтап айналысуға жігерлендіргенімізге өте қуаныштымыз. UniSAT бағдарламасының нәтижелері қоғамдағы ғаламат өзгерістерге жол ашатынына нық сенімдіміз», деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен.
Наноспутниктер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ технопаркінде 10 күндік марафон аясында жас азаматшалардың қолымен құрастырылғанын айта кеткен орынды. Бағдарлама қатысушылары ғарыш аппараттарын жобалау, бағдарламалау және құрастыруды меңгеріп шықты. Оларға ғарыш технологиялары мен Жерді қашықтан зондтау орталығына бару мүмкіндігі берілді. Бойжеткендер алған теориялық білімдерін сабақ барысында қолданды. Айталық, менторлардың жетекшілігімен наноспутниктердің корпустарын 3D-модельдеу арқылы жобалап, 3D принтерде басып шығарды. Сондай-ақ қыздар UniSat наноспутниктерінің ішкі жүйелерін бағдарламалап, оларды іске қоспас бұрын зертханалық жағдайда сынап көрді.
«Қырғызстанда 15-19 жас аралығындағы әрбір үшінші қыз компьютерлік сауаттылыққа ие және олардың 80 пайыздан астамы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды таңдайды. Бірақ бұл таңдау қыздардың кәсіби мүдделері мен қызығушылықтарын қаншалықты көрсетеді? Сондықтан 2020 жылы ЮНИСЕФ қыздарға мүмкіндіктерін кеңейтіп, гендерлік қасаң қағиданы жеңумен бірге мамандық таңдауға көмектесу үшін «Ғылымдағы қыздар» бағдарламасын бастады. Жыл сайын 10 мыңнан астам қыз осы бастамаға қатысып, уақыт өте келе қыздар ғылыми мамандықтарды таңдауға сенімдері артатынына шәк келтірмейміз. Осы тұрғыдан алғанда, наноспутниктерді ұшыру біз үшін екі жылдық жұмыстың нәтижесі ғана емес, сондай-ақ қыздар мен біздің жастарымыздың әлеуетін ашатын мүмкіндік», деді Қырғызстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Юлия Олейник.
Қатысушылар ұжымда жұмыс істеу дағдыларын, сол секілді Linux-та бағдарламалау негіздерін меңгеріп, аэроғарыштық технологиялар саласындағы жетекші қазақстандық сарапшыларды тыңдай алды.
«Өзбекстанда әлемнің басқа елдеріндегі секілді түрлі себептерге байланысты ұлдар мен қыздар арасында компьютерлік сауаттылық, техникалық білім және мамандық таңдау бағытында айтарлықтай алшақтық бар. UniSat білім беру бағдарламасы осы алшақтықты азайтып, қыздарды ғылым мен технология саласындағы тиісті дағдыларға қызықтыруға және үйретуге арналған. UniSat Өзбекстан жастары арасында технологиялық салалардағы гендерлік мәселеге көпшіліктің назарын аударуға көмектеседі. Жобаға қатысушылар – қыздардың кез келген салада табысты бола алатынын жеке мысалмен дәлелдеп отыр», деді ЮНИСЕФ-тің Өзбекстандағы өкілдігінің басшысы Мунир Мамедзаде.
UniSat – БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру бағдарламасы. Оның мақсаты наноспутниктерді әзірлеу саласында қыздардың білімі мен біліктілігін дамытып, сондай-ақ ұжымдық жұмыс, шешендік өнер, тайм-менеджмент және креативті дағдыларды жетілдіруге арналған.
Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің Парламентаралық форумы өтіп жатыр
Саясат • Бүгін, 18:47
Екі адамды өлтірген Көкшетау тұрғыны ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:41
Жас теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары өзгерді
Теннис • Бүгін, 18:31
Солтүстік Корея өзінің ядролық қаруын көрсетті
Әлем • Бүгін, 18:13
Қоғам • Бүгін, 18:03
Түркиядағы зілзаладан көз жұмғандар саны артты
Әлем • Бүгін, 17:44
Танымал сәулетші Қонаев қаласын дамытуға атсалысады
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:21
Осы аптада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?
Мәдениет • Бүгін, 17:15
Мәжіліс сайлауы: 7 партиядан 283 кандидат ұсынылды
Сайлау • Бүгін, 17:10
Жұмыссыз жүрген азаматтарға SMS-хабарлама жіберіледі
Қоғам • Бүгін, 16:47
Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Ауа райы • Бүгін, 16:37
Астанада техникалық қызмет көрсету орталығы өртеніп жатыр
Елорда • Бүгін, 16:27
Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:12
Қаржы • Бүгін, 16:01
Президент журналистерге қарсы жасалған қылмыстарға тергеу жүргізуді тапсырды
Президент • Бүгін, 15:44
Әлем • Бүгін, 15:33
Семейде қоғамдық көлік жол апатына ұшырады
Аймақтар • Бүгін, 15:17
Қазақстанда Өзбекстанның 486 азаматы жазасын өтеп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:00
БҰҰ Түркия мен Сирияға 25 млн доллар жібереді
Әлем • Бүгін, 14:54
Walt Disney 7 мың қызметкерін жұмыстан шығарады
Әлем • Бүгін, 14:43
Қазақстаннан шетелге мал шығаруға шектеу қойылды
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Ресейдің Новосібір қаласында жойқын жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 14:30
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы төмендеді
Қоғам • Бүгін, 14:22
Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Еліміздің бірқатар өңірі сейсмикалық қауіпті аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Ғалымдар жаңа сақина жүйесін тапты
Ғылым • Бүгін, 13:18
Түркияда отандастарымызды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00
Астанада қоғамдық көліктер жаңартылады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушылар 3 адамды құтқарды
Видео • Бүгін, 12:42
Президент Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:32
Қазақстанда беделді MOTO GP турнирі өтеді
Мәдениет • Бүгін, 12:25
Қазақстанда фрилансерлер саны артты
Қоғам • Бүгін, 12:12
Сенат отырысында бірқатар заң мақұлданды
Парламент • Бүгін, 11:58
Геннадий Головкиннің жаңа қарсыласы белгілі болды
Бокс • Бүгін, 11:48
Абай облысы Түркия еліне көмектесуге дайын
Аймақтар • Бүгін, 11:30
«Qazcontent» АҚ төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:27
Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:12
Қазақстан құрамасы Беларусь футболшыларымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 11:02
Өңірлерде көкөністерге тауарлық интервенциялар басталады
Үкімет • Бүгін, 10:50
Ұқсас жаңалықтар