Бокс • 05 Сәуір, 2022

Қазақстан Таиландта өткен бокстан жеті медаль жеңіп алды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы Тайландтағы Thailand Open-2022 халықаралық турнирінде жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Таиландта өткен бокстан жеті медаль жеңіп алды

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшы Нұрбек Аралбай жекпе-жексіз (жеребенің арқасында) бірінші жартылай финалист атанды.

5 сәуірде тағы алты қазақстандық жартылай финалға жолдама алды: Аятулла Такижанов (75 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай және Айбек Оралбай (екеуі де — 91 келіге дейін), Санатәлі Толтаев, Аслан Мусинов (екеуі де — 63 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (69 келіге дейін). Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін) ширек финалда өз ойынын аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, Thailand Open-2022 турнирі 9 сәуірге дейін жалғасады.