Түркістанда ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару мақсатында өткен «Музейге сый» акциясы барысында ғалымдар мен тарихшылар, жанашыр қала тұрғындары 30-ға жуық құнды мұраларды музейге тапсырды.

Олардың қатарында атақты ғалым Шайх Сулейман Жамалдың аудармасы бойынша аударылған «Тафсир» кітабы, атадан балаға мұра болған ғасырлық қазан, Темуридтер мемлекетінің Әмір Темір атымен 785-786 х.ж. (1383-1385 жж.) және 832 х.ж. (1428-1429 ж.ж) Бұхара ақша сарайында соғылған фулусі, Қоқан хандығының екі дана тамшы пішінді, бір дана шаршы пішінді монеталары, XVII ғ. ұсақ сауда ісінде айналымда жүрген төртбұрыш пішінді мыс ақшалар мен Ресей патшалығының нумизматикалық жәдігерлері, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген Кәрсон Бекназарұлы Таңыбай батырдың портреті, көзешінің мөрі бар. Мысалы, ұлдары мен немерелерін ертіп келген 75 жастағы Асылбек Таңатарұлы бабаларынан жеткен үш ғасырлық қола қазанның әрі қарай кесене музейінде тұруын жөн санапты. Береке дарыған қола қазаннан қазақтың қаншама жақсылары мен жайсаңдары дәм татқан, әрі әулеттің де ырысы мен берекесі іспеттес. Асылбек Таңатарұлы әулеттің жәдігерін мәңгілікке көздің қарашығындай сақтау үшін музей қорына өткізіп, елге ақ батасын берді.
Сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген Кәрсон Бекназарұлы Таңыбай батырдың портреті де елдің ықыласын аударған. Қазақ халқы, оның киелі мекені үшін күрескен батырдың портретін тарихи деректерге сүйене отырып, суретші Сапар Хасенұлы майлы бояумен салған. Батырдың портретін «Қаракесек Кәрсон Бекназарұлы Таңыбай батыр» атындағы қоғамдық қордың президенті А. Есжанов болашақ ұрпақ үшін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне сыйға тартты.
Айта кетелік, музейдің қазіргі кезде қор сақтау және есепке алу бөлімінің қорында 24 558 дана көне жәдігер мемлекеттік тіркеуге алынған, оның 13 640 данасы негізгі қор, 10 918 данасы ғылыми көмекші қор есебінде.
Түркістан
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Елімізде «жамау» мектеп әлі бар
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау
Әдебиет • Кеше
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Патриотизм – елін білімімен, еңбегімен көркейту
Қазақстан • Кеше
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Туризм • Кеше
Спорт • Кеше
«Сұлтан Бейбарыс»: Билік философиясы
Кино • Кеше
Кәсіпорындар кодекс талабын орындай ала ма?
Экология • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында студенттер есірткімен ұсталды
Оқиға • Кеше
ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді
Аймақтар • Кеше
Жеті өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Кеше
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Кеше
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Кеше
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Кеше
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Кеше
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар