Аймақтар • 06 Сәуір, 2022

Өскеменде сауда үйіне «бомба» қойған адам сотталды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласындағы сауда үйіне бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде сауда үйіне «бомба» қойған адам сотталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «102» жедел арнасына қоңырау шалған жігіт қаланың сауда үйлерінің біріне бомба қойылғанын хабарлаған. Дереу оқиға орнына арнайы мамандар жеткен. Алайда тексеруден кейін ақпараттың жалған екендігі анықталды.

«Тәртіп сақшылары күдіктіні жедел ұстады. Ол Өскемен қаласының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Куәландыру нәтижесіне сәйкес, оның орташа дәрежедегі мас күйде екендігі белгілі болды», делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданған.

Қалалық соттың үкімімен айыпталушының 3 жылға бас бостандығы шектелді.