«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біздің министрлік кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты даярлауға көшті. Бұл үшін кәсіпорын колледжбен мақсатты дайындық туралы шарт жасасады. Осылайша кәсіпорын өз базасында педагогтер мен студенттердің практикасын ұйымдастыру, түлектерді жұмысқа орналастыру міндетін өзіне алады. Аталған шара болашақ кадрдың жұмыс берушінің талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Себебі олар білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Сондай-ақ, студенттен қорытынды емтихан қабылдап, практикадан өткізіп, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа алады», деп түсіндірді Насымжан Оспанова.
Айта кетсек, биыл колледждерге құжат қабылдау 20 маусымнан басталады.
«Осы жылдың өзінде кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланып отыр. Әр талапкер 4 мамандық пен 4 колледжді таңдай алады. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін 4 баллға дейін шекті бал және эссе жазу талабы сақталған», деп қосты ол.