«Соңғы жылдары республикамызда 18 колледж жабылды. Олар лицензияны қайтарып алу себебімен жабылған жоқ, оңтайландыру, профильдендіру мақсатында жабылды және негізінен бұл шара жеке колледждерге қатысты болды», деп түсіндірді Насымжан Оспанова.
Ол колледждерде білім беруді жақсартуға қатысты бірқатар іс-шаралар өткізілгенін айтты. Бірінші кезекте, білім беру бағдарламаларын әзірлеуде академиялық дербестік берілді, ол еңбек нарығының талаптарына жылдам, оңтайлы ден қоюды, Білім министрлігі көптеген жылдар бойы реттеп келген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан қалыс қалмауды көздейді.