Қазақстан • 06 Сәуір, 2022

Елден мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынуы мүмкін

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін шығарудың кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрық жобасын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елден мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынуы мүмкін

«Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауыт көздеген бензин бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген ыдыстарда әкетуді қоспағанда, майлау майларын қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», делінген бұйрық жобасының мәтінінде.

Құжат 19 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін орналастырылған.