Қазақстан • 06 Сәуір, 2022

Бақыт Сұлтанов сүт бағасына қатысты пікір білдірді

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Мәжіліс аясында Қазақстанда сүт бағасының қымбаттауына негіз болған факторларды түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақыт Сұлтанов сүт бағасына қатысты пікір білдірді

«Бағаның өсуіне әр түрлі себептер бар, 60% - бұл шикізат, шикізаттың өзі қымбаттады, өйткені азық-түлік бағасы өсті. Қаптама да бұған негіз бола алады, себебі ол импорттық болып табылады және теңге бағамы төмендегендіктен, сүттің бағасына бұл да әсер етеді», деді Бақыт Сұлтанов.

Қазақстандық өндірушілердің қоймаларында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тек 19 түрі бойынша миллион тоннаға жуық қор бар.

«Бір айдан кейін жаңа піскен көкөністер мен жемістерді қабылдау басталады. Сондықтан бізде тапшылық мәселесі жоқ. Ақпан айында бізде валюта бағамында өзгеріс болды, бұл сол кездегі бағаларға да әсер етті. Бағаның өсуіне қатысты барлық субъективті факторларды жою үшін жұмыс істейміз», деп қосты министр өз сөзінде.