Ауа райы • 06 Сәуір, 2022

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Күннің екінші жартысында Алматы облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. 

Тараз қаласында күндіз найзағай болып, оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысқан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Орал қаласын түнде және таңертең тұман басады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды.

Қарағанды қаласында түнде тұман болады.

Қостанай облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысынан, оңтүстігінен, батысынан, солтүстігінен 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жел тұрады,

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстік-батысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан соққан жел облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарда секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.