Қазақстан • 06 Сәуір, 2022

Қазақстандық тұқым мен бидайға экспорттық сұраныс артады

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстандық өнімдерге, атап айтқанда: күнбағыс тұқымдары, ұн, бидай мен майлы дақылдарға экспорттық сұраныс өсетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық тұқым мен бидайға экспорттық сұраныс артады

«Біз қазір күнбағыс тұқымына, майлы дақылдарға, бидай, ұн және осы өнімдерді өңдеудің барлық спектріне сұраныс артады деп болжай аламыз. Біздің міндетіміз - бұл сұранысқа дайын болу және алдымен қазақстандықтардың жеке қажеттілігін қанағаттандырып, артығын экспортқа шығару мақсатында әрекет ету», деді Ербол Қарашөкеев.

Министрдің айтуынша, азық-түліктің барлық түрі, соның ішінде күнбағыс майы мен ұн да біршама қымбаттады.

«Біз барлық алқаптарды барынша егіп, жақсы өнім алуымыз керек. Қолымызда бар агротехнологияларды тиімді пайдалану қажет», деді министр.