Қаржы • 07 Сәуір, 2022

Қазақстанда базалық есептік көрсеткіштер артады

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған «Республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер енгізілетін заң жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда базалық есептік көрсеткіштер артады

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап:

  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге;
  • Зейнетақының ең төменгі мөлшері - 48 032 теңге көлемінде болады.

Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 3 180 теңге

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 37 389 теңгені құрайды.

Бұдан басқа, жасына байланысты зейнетақы төлемдері және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 4%-ға өседі.

Құжат 21 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.