Біздің ауылдағылар телефонды ең алғаш рет Торғын дейтін қыздың қолынан көрді. Тоқсаныншы жылдардың басында біздің шағын ауылдың тұрғындары телефон ұстаған адамды мәртебесі биік немесе әлдебір шендінің бірі деп ойлайтын. Сол жазда ауылдың әңгімесінің тұздығы Торғын және оның телефоны болды. Өйткені Торғын өгізбен суға бара жатса да, мал қайырып жүрген әкесіне ілесіп өрісте жүрсе де, қолынан «жаңа затын» тастамайтын. Тіпті кейде төбенің басына шығып алып, әлдекімдермен ұзақ-ұзақ сөйлесетін. Жай сөйлесіп қана қоймай, тұрған орнында айнала беретін, айнала беретін. Мұны көрген үлкендер жағы «құрсын, телефон деген адамның басын айналдырып жіберетін зат екен» деген қауесет таратып та жіберді. Орталықтағы қалада оқитын Торғынның телефонына қызыққан жастар оған келесіде ауылға оралғанда бір-бір телефон әкеліп берсеңіз деген өтініштерін айтып, ақысына бір қойдан беретін болып келіседі. Мыңғыртып қой айдап жүргендер үшін бір қой деген не тәйірі? Оларға қызығы бір-бір телефон алып, әр төбенің басында айналсоқтап жүру. Сонда ғана елдің назары өздеріне ауады деп ойласа керек.

Күз айы келіп, Торғын қалаға аттанды. Оны бұл рет бүкіл ауыл болып аттандырды. Бар ойлағандары – тезірек оралып, өздері күткен телефондарын әкелсе деген ізгі ой. Аядай ауыл тұрғындарының ендігі өмірі күтумен өтіп жатты. «Торғын қазанда келеді екен», «Ойбай, қарашада келемін депті», «Жоқ, қысқы демалыста келеді екен, әкесі айтты» деген әртүрлі жорамалдар ауыл арасын шарлап жүрді. Тіпті қойшылар телефонын қолына алған соң, кіммен сөйлесетінін, қай төбенің басына шығып, ары-бері айналатынын да ойша жоспарлап, іштеріне сыймай кетсе, бір-біріне айтып та жүрді. Сол жылғы қысты біздің ауылдағыдай сағына күткен ешкім жоқ шығар?! Жайшылықта, «қыс қашан кетер?» деп налитындар, енді «қыс тезірек келсе екен» десетін болды.
Міне, қыс та келді. Торғын ауылға оралмады. Бір қойдан беріп сатып алмақ болған телефондар да жоқ. Жұрт аң-таң. «Торғын неге келмей жатыр?» деп бір-бірінен сұрайды. Сабыры таусылған біреуі оның әкесіне барып, мән-жайды білмек болды. Олар да қаладағы қызынан хабар ала алмапты. Бірнеше күннен кейін Оразбай қарттың үйіне ауыл арасына атпен хат жеткізетін пошташы ат басын бұрды. Қолында алақандай ақ конверт. Әлденеге таңырқап қалған Оразбай қарт асығыс конвертті жыртып, оқи бастады. «Қадірлі Оразбай Иманұлы, сізге университет атынан хабарласып отырмыз. Қызыңыз Торғын 1996 жылы 23 желтоқсан күні әлдекіммен телефонда сөйлескен соң ұшты-күйлі жоғалған. Апта бойы іздеп таппадық. Ауылға барған жоқ па? Егер барса, қайтара хат жіберерсіздер».
Ауылдағылар енді әлі қолына ұстамаған телефондарын емес, Торғынды іздеуге кірісті. «Қайда кетті?», «Сол күні кіммен сөйлесті екен?», деген сұрақтар оларды мазалай бастады. Үлкендер жағы «айттық қой, телефон деген адамның басын айналдырып жібереді» деген сөздерін осы жолы тағы да алға тартты. Бұл сөзге бәрі сенгендей болды. Аунап айлар, жылжып жылдар өтті. Торғын сол күйі табылмады, ауылға оралған жоқ. Ешкім де оны іздемейтін де болды. Анда-санда ауылға барғанда, анадайда тұрған төбелерді көремін. Ешкімнің көзіне көрінбей Торғын сол арада айналсоқтап жүргендей елестейді.
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар