Қоғам • 08 Сәуір, 2022

Brent және WTI маркалы мұнайдың бағасы төмендеді

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуроодақ Ресейдің энергетикалық тауарларына қосымша санкция салған соң бейсенбіде мұнай бағасы тағы да төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап.

Brent және WTI маркалы мұнайдың бағасы төмендеді

Батыстың Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған санкцияларына байланысты жаһандық энергетикалық дағдарыс қаупі ұлттық қорлардан алдағы жарты жылда нарыққа шығару жоспарланған мұнай жеткізу көлемінің күрт өсуіне қатысты алаңдаушылық туғызды.

Ресейге қарсы шаралардың құбылуы бейсенбіде мұнай бағасының тағы да төмендеуіне әкеліп соқтырды, соның салдарынан Brent әлемдік эталоны АҚШ-тың WTI маркалы мұнайына қысқа уақытқа теңесіп, бағасы барреліне 100 доллардан төмен болды.

Шанхайда соңғы екі жылдағы коронавирустық індет мұнайға қысымды күшейтті, бұл Қытайдың екінші үлкен қаласында бір аптадан астам уақытқа созылған карантинге әкелді, бұл екінші ірі мұнай тұтынушы елде сұранысқа қатысты алаңдаушылық тудырды.

«ЕО жақын арада ресейлік мұнайға санкция салатын сияқты емес, бұл мұнайға соңғы ең жоғары деңгейге жету үшін бірнеше жаңа катализатор қажет болады деген сөз», деп атап өтті OANDA онлайн сауда платформасының сарапшысы Эд Мойя.

Оның айтуынша, шикі мұнай қорларын жаппай шығару жоспары мұнай бағасының қысқа мерзімге төмендеуін қамтамасыз етеді.