Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.
«Жастарымызға үлгі болдыңыз. Сіздің отандық бокстың дамуына үлкен үлес қоса беретініңізге сенімдімін», деп жазылған Президенттің құттықтауында.
Ал Геннадий Головкин өзінің Twetter-дегі парақшасында Мемлекет басшысына алғысын білдірді.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы, жылы лебізіңіз бен ілтипатыңызға көп рақмет. Елімізді әлемге таныту – мен үшін үлкен мәртебе. Қолдауыңыз үшін сізге және бүкіл Қазақстанға рақмет!», деп жазды Геннадий Twetter-дегі парақшасында.