Аймақтар • 08 Сәуір, 2022

Таразда ер адамды көлік қағып кетті

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі жолда келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты Сейфуллин көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда ер адамды көлік қағып кетті

«7 сәуірде сағат 21:30 шамасында Сейфуллин көшесінде Toyota маркалы көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды», делінген Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша тергеу басталды. Ал көлік жүргізушісі полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, марқұмның жеке басы анықталды.