«9 сәуірде сағат 15:30-да Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ескелді ауданында «Шерқасай» шатқалына таудағы жолдан «Газ-66» автокөлігі аударылып түскені туралы хабар жеткен. Оқиға салдарынан 1969 жылғы ер адам сол жерде қаза тауып, 1990 жылғы азамат жарақат алған», делінген хабарламада.
Алматы облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының (5 қызметкер мен бір техника), еріктілердің (10 адам мен 2 техника) көмегімен шатқалдан қаза тапқан жүргізушінің мәйіті шығарылды.