Қазақстан • 10 Сәуір, 2022

Израиль Қазақстан экономикасына жыл сайын көлемді инвестиция салып келеді

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, яғни 10 сәуір күні Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Израиль Қазақстан экономикасына жыл сайын көлемді инвестиция салып келеді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, 30 жыл ішінде Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының жылдан-жылға нығайып, екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастық жоғары деңгейге жетті. Дәстүрлі түрде жоғарғы және аса жоғары деңгейдегі кездесулер өтуде. Парламентаралық байланыс дамып келеді. СІМ аралық консультациялар тұрақты негізде өткізілуде.

Тараптар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) өзара іс-қимыл жасауда, сондай-ақ израильдік өкілдер Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысына белсенді қатысып келеді.

Екіжақты байланыстардың маңызды бағыттарының бірі сауда-экономикалық сала болып табылады.

2021 жылы Израильден Қазақстан экономикасына құйылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 33 миллион АҚШ долларын құрады.

1992 жылдан бастап Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Израиль бірлескен комиссиясы жұмыс істейді. Екі елдің медицина мамандары арасында қарқынды алмасу жүргізілетін денсаулық сақтау саласы маңызды рөл атқарады.

Екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық та маңызды орын алады. Қазақстаннан Израильге көшіп барған еврей ұлтының өкілдері бүгінде екі ел арасындағы маңызды «достық көпірі» болып табылады.

«Айтулы күнге орай Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Израильдің Сыртқы істер министрі Яир Лапид бір-біріне құттықтау хат жолдады», делінген хабарламада.