Елорда • 11 Сәуір, 2022

Тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған адам ұсталды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың тергеу изоляторына бәліштің ішіне телефон жасырып өтпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған адам ұсталды

Polisia.kz порталының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/1 мекемесіне 8 сәуір күні К есімді азамат тергеу изоляторына қамауға алынған А есімді азаматқа ас-ауқат алып келген. Мекеме қызметкерлері ас-ауқат салынған қалтаны тексеру барысында бәліштің ішіне жасырылған NOKIA ұялы телефонын тауып, тәркіледі.

Аталған дерек бойынша К есімді азаматтан түсініктеме алынды.

Оның айтуынша, бәліштерді қамаудағы азаматтың таныстары жеткізуін сұраған және бұл бәліштердің ішіне мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған заттардың бар екенін білмеген.

Ұялы телефонды анықтау және тәркілеу деректері бойынша ҚР АҚК-нің 481-бабына сәйкес деректер жиналып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына іс-құжат жолданды.