Қазақстан • 11 Сәуір, 2022

Мүгедектердің өтінімдері сырттай қаралатын болады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде мүгедектікті белгілеу бойынша 11 мыңнан астам өтінім сырттай форматта рәсімделді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Мүгедектердің өтінімдері сырттай қаралатын болады

Қазіргі уақытта пилоттық жобаға 487 медициналық ұйым қосылған.

«Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ қызмет көрсетушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды. Осыған байланысты Денсаулық сақтау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, Қазақстанның 17 өңірінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы жобасын іске қостық. Қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі керек, ал қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді», деп жазылған хабарламада.

Пилоттық жоба арқылы 2022 жылы мүгедектікті белгілеу бойынша қызметтерді сырттай көрсетумен қамтуды мүгедектігі бар адамдардың 20 %-ына дейін жеткізу жоспарлануда.