«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын, сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін тұлғалардың жарнасын мемлекет қамтамасыз етеді.
Білім және ғылым министрлігінде айтылғандай, шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің деректері Қазақстанда тіркелмегендіктен, олар міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызмет ала алмай отыр.
Осыған байланысты студенттер egov.kz электронды үкімет порталының «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөліміне өтініш беріп, оқу орнынан алынған анықтаманы қоса беруі қажет.