Қабылдау барысында Ұлттық мұражайды ашу мәселелері, ЭКПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындықтың мәдени аспектілері, сондай-ақ, министрлік қызметінің басты бағыттары талқыланды.
Мемлекет басшысы республикада 8 мың жергілікті және 39 республикалық мәдениет мекемесі жұмыс істейтінін, олардың рөлі күннен күнге ұлғайып келе жатқанын атап өтті.
– Соңғы 10 жылда театрға келушілер саны – 50 пайызға, музейге келушілер – 25 пайызға, кітапханаға келушілер – 40 пайызға, концерт залдарына келушілер – 100 пайызға, кинотеатрға келушілер саны 400 пайызға көбейді. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатының артқанын және мәдениетке, білімге деген ынтаның өскенін білдіреді. Соған байланысты осы саладағы кадрларды сапалы даярлау, қызметтің бірыңғай тәжірибелерін әзірлеу мәселесін қарастырған жөн. Әр облыста мемлекет қаржыландыратын 2 театрдан бар. Бүгінде халық арасында олардың қандай жұмыс жүргізетініне, мәдени салмағы мен қызметінің сапасы қаншалықты екендігіне көбірек көңіл аударған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті жұмысы күшейтілуге тиіс бірқатар бағыттарға тоқталды.
– Азаматтық қоғаммен ынтымақтасу, мемлекеттік тіл үйрететін аккредиттелген орталықтар желісін құруды жалғастыру қажет. Әлеуметтік тапсырыстар аясында барлық шығармашылық одақтармен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен, «Болашақ» бағдарламасымен жұмысты жандандыру керек. Әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерге келсек, халыққа қызықты, мазмұны сапалы шығармаларды шығаруға назар аудару қажет. Біз жазушыларға шығармаларын басып шығаруы үшін қаражат бөліп отырған жалғыз мемлекетпіз. Шығармалар елдің ішінде де, сыртында да біздің мәдениетіміздің рөлін арттыруға бағытталуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
А.Мұхамедиұлы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларының іске асырылуы, соның ішінде Мәдени саясат және халықаралық жүйемен ықпалдастықтың ұзақ мерзімді тұжырымдамасының әзірлену барысы туралы баяндады.
Бұған қоса, министр Тілдерді дамыту және олардың қызметі жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы мәлімдеді.
Мәдениет министрі ведомство алдына қойылған міндеттердің бірі қоғамымыздың рухани дамуы екенін атап өтті. Қазақстанда қазірдің өзінде шеберліктің биік деңгейін көрсетіп жүрген «Астана Опера» опера және балет театры, ұйғыр, корей және неміс театрлары, басқа да мәдени мекемелер бар. Осы орайда негізгі міндет – оларды халықаралық деңгейге шығару.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-----------------------------------------
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30