Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Бюро мүшелері палатаның алдағы 10 сәуірде болатын отырысының күн тәртібін қарады. Отырыста, атап айтқанда, 1999 жылғы 3 желтоқсанда Пекинде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына түзетулерді ратификациялау туралы және Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» ортақ бірлескен су торабын салудағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобалары қаралатын болды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгеріс енгізу туралы заң жобасын (бірінші оқылымда) қарау жоспарлануда. Бюрода Мәжілісте мақұлданған заң жобаларына Сенаттың бас комитеттері белгіленді. Бюро мүшелері, сонымен қатар, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттарын халықаралық парламенттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттердің парламенттерімен өңірлік ынтымақтастық топтарына жіберу жөніндегі ұсыныстарын қарады және мақұлдады. Отырыс барысында Сенат Аппаратының басшысы Александр Судьин Аппараттың 2014 жылғы бірінші тоқсаны жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті. Кездесу соңында Сенат Төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі Қ.Тоқаев бірқатар сенаторларға – партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін табыс етті.
Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30