Оқиға • 12 Сәуір, 2022

Петропавлда 18 жастағы қыз жардан құлап кетті

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда полицейлер мен құтқарушылар жардан құлап кеткен 18 жастағы қызды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда 18 жастағы қыз жардан құлап кетті

Заречный ауылының тұрғыны Есіл өзенінің қарсы жағасында адам жатқанын көріп, бұл туралы «102» арнасына хабарлаған. Кейін ақпарат жақын маңдағы құрамында инспектор Ерік Жетубаев пен Петропавл патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Төлеген Алдабергенов бар автопатрульге берілген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлеріне тұрғын көмектескен.

«Бірнеше минут ішінде біз 30 метрлік тік жардан төмен түстік. Жағада жатқан 18 жастағы қыз болып шықты. Қатты тоңып қалмауы үшін киімімізді кигізіп, оны көтере бастадық. Алайда жағадағы саз көтерілуге кедергі болды. Жағдайды радио арқылы Жедел басқару орталығына хабарлап, құтқарушылар мен жедел жәрдем шақыруды өтіндік», деді Т. Алдабергенов.

Құтқарушылармен бірге қыз қауіпсіз жерге шығарылған. Медицина қызметкерлері дер кезінде келіп, қажетті көмек көрсеткен. 18 жастағы қыздың Жеңіс саябағы маңында жардан құлап кеткені анықталды. Қазір қыздың өміріне қауіп жоқ. Ол отбасына аман-есен оралды.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30