Қоғам • 12 Сәуір, 2022

Асқар Умаров кибербуллинг заң жобасына қатысты пікір білдірді

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Асқар Умаров балаларды кибербуллингтен қорғау туралы заң жобасы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Умаров кибербуллинг заң жобасына қатысты пікір білдірді

«Әлеуметтік желілерді бірден бұғаттайды деген ақпарат жалған. Егер НҚА сайтын ашып қараса, балаларды кибербуллингтен қорғау туралы заң Сенаттан өткеннен кейін қабылдануы мүмкін екенін көруге болады. Олар Сенаттан өте ме, жоқ па белгісіз. Себебі қазір қызу талқылаулар жүріп жатыр. Біз еститін мемлекетте тұрамыз, сондықтан бірінші талқылауға саламыз. 

Заң қабылданған күннің өзінде әлеуметтік желі әкімшіліктері біз ұсынған талаптарды орындағысы келмесе ғана шектеу туралы мәселе туындайды», деді министр Үкімет аясында.

Оның айтуынша, заң жобасының нормалары қабылданса, әлеуметтік желілер Қазақстанда өз өкілін тағайындауы керек.

«Негізі, әлеуметтік желілер өкіл жіберсе олармен байланысу оңайырақ болатын еді. Балаларды қорлайтын контент анықталса бірден хабарласып шешетіндей. Лос-Анджелеске немесе Майамиге сұрау жіберіп, оны айлап, жылдап күтіп отырмайтындай», деді министр.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03