«Осы жылдың үш айында мопедтердің, самокаттардың жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. Өткен жылы осындай 68 ЖКО тіркелді, өкінішке орай, бір адам қаза тауып, 68 адам жарақат алды. Бұл мәселе өте өткір, біз оны өткен жылы да, биыл да қарастырдық. Негізінен самокаттар, мопедтер мен мотоцикл жүргізушілері жол жүру ережелерін жиі бұзады», деді Атығай Арыстанов.
Оның айтуынша, мұндай көлік құралдарының жүргізушілері қауіпсіздік шараларын елемейді.
«Бұл мәселеге мен ата-аналар мен ересектердің назарын аударғым келеді. Міне, біз балаларға скутер, мотоцикл мен мопедтер сатып аламыз. Оларды сатып алмастан бұрын олардың қауіпті екенін, бұл ойыншық емес, көлік құралы екенін түсінуіміз керек. Жақында жаз мезгілі де басталып кетеді, сондықтан қауіпсіздік шаралары мен жол жүру ережелерін қатаң сақтау керек», деп атап өтті ол.