08 Сәуір, 2014

Қазақстандық парламентшілер ЕКПА сессиясында

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламентінің Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы делегациясының жетекшісі – Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев, сенаторлар Владимир Бобров пен Орынбай Рахманбердиев ЕКПА-ның жыл сайынғы сессиясына қатысуда. Шара Страсбургте өтуде. Сессия аясында Еуропа Кеңесі Адам құқы жөніндегі комиссары Нилс Муйжниекс, Австрияның Федералдық президенті Хайнц Фи­шер сөз сөйлейді. Еуропа Кеңе­сі­нің парламентшілері Қыр­ғызстан Жогорку Кенешінің «Демократия жолындағы әріптес» мәртебесін бе­ру туралы сауалын, Еуропадағы аз ұлт­тардың жағ­дайы мен құқықтарын, кибер­­­­­­­ке­ңістікті пайдаланушылар қауіп­сіздігін жақсарту, интернетке қол жеткізу құқықтарын, Еуро­па­дағы босқындар мен адам сауда­сы мәселелерін талқылай­ды. Депутаттар сондай-ақ, Азаматтық туралы Еуропалық конвенцияны тиімді іске асыру қадамда­рын қарауды жоспарлап отыр, деп хабарлады Қазақстан Республика­сы Парламенті Сенатының баспа­сөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар