08 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасының Заңы №185-V

306 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы барлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңна­ма­лық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20,158-құжат; 2012 ж., № 3,26-құжат; 2013 ж., № 1,2-құжат): 12-баптың 4-тармағында: бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: Барлау ақпаратын алу, Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі Қазақстан Республикасының аумағында байла­­ныс қызметтері мен құралдарын беретін жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасы мен бай­ланыс жолдарына қосылуды болғызбайтын телеком­муникациялар желілерін пайдалана отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.»; алтыншы бөлік алып тасталсын. 2. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіп­сіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 жел­тоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., №23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 «ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат): 13-бап мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын: «17-2) сыртқы барлаудың және арнаулы мемле­кеттік органдардың өзге де субъектілерінің қызмет­керлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін, сондай-ақ жасырын көмекшілердің жеке басын шифрлау мақсатында сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілері үшін басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың оларды дайындау және (немесе) ресімдеу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын құжаттарын дайындау және (немесе) ресімдеу. Сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілерінің мемлекеттік органдарда тіркелуі талап етілетін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олардың ұлттық қауіпсіздік органдарының өтінімі бойынша беретін құжаттарын осы тармақшада көзделген мақсатта пайдалану қажеттігі жағдайында, тиісті мемлекеттік органдар бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын тәртіппен оларды өтеусіз негізде дайындайды және (немесе) ресімдейді;». 3. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № қ 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат): 1) 2-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы Заңның 6-бабының 2) тармақшасында көздел­ген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Респуб­ликасының ұлттық қауіпсіздік органдары жатады. Құзыретіне барлау қызметін жүзеге асыру кіретін ұлттық қауіпсіздік органдары қызметтерінің, бөлімшелерінің және қызметкерлері санаттарының тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды; 3) осы Заңның 6-бабының 3) тармақшасында көзделген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Респуб­ликасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары жатады.»; 2) 6-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары: шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарының, қылмыстық қоғамдастықтардың (қылмыстық ұйымдардың) және жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметіне қарсы іс-қимыл саласында; экстремизмге және террористік қызметке қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ шекаралық саясат және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын, аумақтық сулары (теңіздері) мен континенттік қайраңын күзетуді жедел қамтамасыз ету саласында; Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде шифрлік және радиотехникалық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, шифрланған, құпияланған, кодталған және арнаулы байланыстың өзге де түрлері саласында; 3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министр­лігінің әскери барлау органдары: әскери, әскери-саяси, әскери-экономикалық және әскери-техникалық салаларда, халықаралық террорис­тік және экстремистік ұйымдарға қарсы іс-қимыл жасау, радиоэлектрондық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, шифрланған, құпияланған және арнаулы байланыстың өзге де түрлері салаларында және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі әскери құрамдасының мүдделерін қозғайтын басқа да салаларда жүзеге асырады.»; 3) 9-бапта: 9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «9) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіз­дігін қамтамасыз етудің басқа да күштерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу. Сыртқы барлау органының Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен өзара Іс-қимыл жасасу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалады, ал, меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының ұйымдарымен – келісімде белгіленеді;»; «11) ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды, арнаулы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнайы мақсаттағы телекомму­никациялар желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпараттың техникалық арналар арқылы таралып кетуінен қорғау құралдарын, оларды бағдарламалық қамтамасыз етуді, қару-жарақты және жарақтануды әзірлеу, сатып алу, (криптографиялық қорғау құрал­дарын қоспағанда) жасау, іске қосу және пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмыстарын ұйымдастыру. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және меншік нысанына қарамастан ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;»; мынадай мазмұндағы 20-1) және 20-2) тармақ­шалармен толықтырылсын: «20-1) қызметкерлердің және сыртқы барлау органына жасырын көмек көрсететін адамдардың жеке басын, бөлімшелердің, объектілердің, үй-жайлар мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін шифрлау мақсатында, оларды дайындау және (немесе) ресімдеу тәртібін сыртқы барлау органының басшысы айқындайтын басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде пайдалану үшін дайындау және ресімдеу. Осы тармақшада көзделген мақсаттарда мемлекеттік органдарға және меншік нысандарына қарамастан ұйым­­­­­дарға құжаттардың және қызметтік куәліктердің бланкі­лерін, оларды толтыру үлгілерін сыртқы барлау органына беру туралы орындалуға міндетті сұрау салулар жіберу; 20-2) сыртқы барлау органы басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы барлау және өзге де жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде, осы қызметтің нәтижелері көрсетілетін материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпарат көздерін құпиясыздандыруға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдану;»; 4) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «9-1-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс ми­нистр­лігінің әскери барлау органдарының құзыреті Қа­зақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әске­ри барлау органдарының құзыретіне осы Заңның 9-ба­бының 2) - 4), 7), 10), 14), 16), 20-1), 20-2) және 26) тар­мақ­­шаларын қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көз­дел­ген ережелерден басқа, 9-бабының ережелері де жата­ды.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күні­нен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгі­зіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 7 сәуір №185-V ҚРЗ