Аймақтар • 13 Сәуір, 2022

Түркістан облысында браконьерлерден 150 кг балық тәркіленді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кешкі уақытта Шардара АПБ кезекші бөліміне табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерінен Шардара су қоймасындағы рейдтік іс-шаралар барысында браконьерлерді ұстау фактісі бойынша хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында браконьерлерден 150 кг балық тәркіленді

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері екі жергілікті тұрғынның Қытай желілерінің көмегімен заңсыз балық аулағанын анықтады. Заттай дәлел ретінде браконьерлерден резеңке қайық, прожектор, электр генераторы, балық аулау торлары, сондай-ақ шамамен 140 кг тұқы, 11 кг күміс тұқы және 1 кг көксерке тәркіленді. Тәртіп сақшылары күдіктілерді оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық бөлімге жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабының 3-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Аяна Тоғанбек